Nasa Брэдли университетімен бірлесіп, 3D Printed Habitat Centennial Challenge конкурсының виртуалды модельдеу кезеңінен өткен ең үздік бес команданың тізімін жариялады. Қатысушылар 100 мың доллар көлеміндегі қаржыны өзара бөлісіп алды. Жеңімпаз командалар мамандандырылған бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, Марстағы үйдің физикалық және функционалдық сипаттамаларын сәтті жасады. Үздіктер Nasa-ның ресми сайтында жарияланды. Әлемнің әр түкпірінен жиналған 18 командадан мына 5 команда үздік деп табылды: Бірінші орынды Арканзастан келген қатысушылар иеленді. Бұл команда жобасында Қызыл ғаламшардағы роботтар ғарышкерлер тұратын үйді құру үшін арнайы материалдарды жинап, оларды 3D принтерлерде басып шығарады. Жоба авторларының пікірінше, бұл тұрақ жай орнын арттыруға және ғимараттарда тұратындар санын көбейтуге мүмкіндік береді екен. Zopherus of Rogers командасы 20 957,95 мың доллар көлеміндегі сыйлыққа ие болды...2. Kahn-Yates of Jackson, Mississippi $20,622.74 мың доллар3. SEArch+/Apis Cor of New York $19,580.97 мың доллар4. Northwestern University of Evanston, Illinois 17,881.10 мың доллар5. Northwestern University of Evanston, Illinois 17,881.10 мың доллар3D-Printed Habitat Challenge эксперименттік моделінің міндеті болашақта Ай немесе Марс не басқа ғаламшарларда адамдар тұратын ғимараттарды қолайлы етіп басып шығару. Мұндай байқаулар осы принтердің жұмысын дамыту үшін жасалынып отыр. Біз осы жарыста әр түрлі ойлай алатын топтардың қатысқанына және олардың табысына қуаныштымыз. Олар тек конструкцияларды ғана емес, біздің ғарыш зерттеушілерімізге көмектесіп, басқа ғаламшарларда өмір сүруге және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мекендеу орталарын жасайды. Байқау алға жылжып келе жатқанда олардың жобалары өміршең екеніне қуаныштымыз, дейді NASA Centennial Challenges бағдарламасының менеджері Монси Роман. Байқау 2014 жылы жарияланып, оған төрт құрлықтан түрлі үміткер қатысуға өтінім білдірген. Бірақ солардың ішінен 18 қатысушы іріктеліп алынған. Жарыс ұйымдастырушылары осындай байқаулар нәтижесінде пайда болатын жаңа жобалар адамзатты жаңа ғаламшарларды зерттеуге ынталандыра түседі деп үміттенуде.