NASA ғарыш агенттігі Есекқырған ғаламшарын зерттеу кезіндеЮнона ғарыш аппаратытүсірген суреттерді өңдеп, жұртшылыққа видеожазба ретінде ұсынды. Бұл видеодағы қалың бұлт Алып қызыл нүкте 1830 жылдан бері ғалымдардың назарында. Ол газды алыпта антициклондық дауылдардың орын алуына әсер етеді. NASA-ның мәлімдеуінше, зерттеу кезінде Юпитер мен Юнонаның арақашықтығы небәрі13 357 километрді құраған. Видеоны агенттіктің арнайы мамандары Шон Доран мен Джеральд Эйштад өңдеген. Суреттердің ауқымы Есекқырған климатының әдемілігі мен ерекшеліктерін жақсы жеткізуге мүмкіндік берді, дейді олар.Естеріңізге сала кетейік, Юпитер ғаламшарын зерттеу үшін 2011 жылдың 5 тамызында ұшырылған Юнона ғарыш аппараты 2016 жылдың шілдесінде діттеген нүктесіне жетіп, газды алыпты зерттеуге кіріскен болатын. Осыған дейін NASA аппарат түсірген бірнеше суретті жариялаған. Солардың бірі Ван Гогтың Жұлдызды түн атты картинасына ұқсайтындығы да айтылған еді.