NASA: Марстағы желдің гуілін естігіңіз келе ме?

NASA: Марстағы желдің гуілін естігіңіз келе ме?
Фото: vk.com

NASA ғалымдары Марстағы желдің гуілі жазылған таспаны ғаламторға жүктеді.

Өзге ғаламшарлық құбылыстың дыбысын оған жақында, нақтырақ айтсақ, 26 қараша күні қонған InSight модулі жазып алған. Бұл адамзат баласына Марс ғаламшарынан, тіпті, жалпы Жерден тыс космостық кеңістіктен жеткен алғашқы фантастикалық мүмкіндік болып отыр.

Марстың солтүстік-батыс бағыттағы жел ағыны сағатына 16-24 км жылдамдықпен соғады. Желдің шуынан болатын тербелістер сейсмограф және ауа қысымының сенсоры арқылы InSight модуліне жазылған. Дыбыс толқындары төмен жиілікте ғана жазылады. Бұл толығымен көмірқышқылдан тұратын Марстың өте жоғары тығыздығымен түсіндіріледі. Желдің шуылын тыңдауды жеңілдету үшін жазба екі октаваға көтерілген.

Естеріңізге салсақ, InSight модулі Элизиум жанартаулық аймағында орналасқан. Нысан екі жылдық миссиясында Марстың жер сілкінісі жиілігін, жер қыртысы мен ядросын зерттеуді көздеген. 

А. Оралқызы