Адамзат тарихында алғаш рет коммерциялық бағытта SpaceX Crew Dragon ғарыш кемесімен орбитаға аттанған NASA астронавттары Боб Бенкен мен Даг Херли екі ай бойы Халықаралық ғарыш стансасында болды. Бенкен мен Херли Жерге жексенбі, 2 тамызда оралды. Алайда, NASA мен SpaceX келесі айда орбитаға тағы бір команданы ұшыруды жоспарлап отыр.
КСРО ғарышкерлері Айға неге ұшпады?
Crew Dragon-ның астронавтсыз алғашқы рейсі 2019 жылдың 2 наурызында жүзеге асырылды. Ол ХҒС-қа миссияның бөлігі ретінде жетіп, оған автоматты түрде қосылып қайта ажырап Жерге оралған. Бірақ 1,5 айдан кейін кеме апаттық құтқару жүйесі сынақ кезінде жарылып кеткен.
NASA 9 жылда алғаш рет ғарышқа ұшуды кейінге қалдырды
SpaceX болашақта туристерді орбитаға шығару үшін Crew Dragon пайдалануды жоспарлап отыр. Компания 2021 жылы осындай 2 миссияны жүзеге асыратынын мәлімдеген.
Айта кету керек, Харли 2011 жылы ғарыштық аппараттар бағдарламасының соңғы миссиясында "Атлантистегі" экипаж мүшесі құрамында болған, ал Бенкен 2008 және 2010 жылдары миссияларға ұшу маманы ретінде қатысқан. Ол 6 рет ғарышта болған тәжірибелі астронавт.