NASA 28 мамырға қараған түні 9 жыл ішінде тұңғыш рет Флорида ғарыш айлағынан ғарышқа ұшатын зымыран стартын кейінге қалдырды. Ауа-райының қолайсыздығы зымыранның ұшуына кедергі келтірген.
NASA Ай мен Марсты зерттеуге арналған жоспарымен бөлісті
SpaceX-тің Crew Dragon ғарыш кемесінің Халықаралық ғарыш станциясына ұшуы старттан 17 минут бұрын кейінге қалдырылды. Осы уақытта кемені орбитаға шығаратын Falcon 9 зымыранының бірінші бөліміне керосин және оттегі құйылып жатқан.
Бұған дейін ғарыш айлағы аумағында қатты жел болады деп хабарланған. Бұл АҚШ ғарышкерлерінің 2011 жылдан бергі алғашқы ұшуы еді.
КСРО ғарышкерлері Айға неге ұшпады?
Crew Dragon-да америкалық астронавттар Дуглас Харли мен Роберт Бенкен Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшуы керек болатын.
Енді 30 мамырда ғарыш кемесін ұшыруға тағы бір әрекет жасалады. Егер бұл әрекет сәтсіз болса, 31 мамырда тағы бір мүмкіндік қалады.
Флорида ғарыш айлағына тарихи сәтті бақылауға Дональд Трамп келген. Ол келесі стартқа да келетінін айтқан.
Crew Dragon мен Falcon 9 зымыраны америкалық кәсіпкер Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі. Кеме – NASA жүктерін ХҒС-ға 2012 жылдан бастап жеткізу үшін пайдаланылатын ғарышкерлерге арналған Cargo Dragon жүк кемесінің нұсқасы. Ол жұмыс режимінде 2-ден 4-ге дейін астронавтты ғарышқа алып шығады. Ал жүксіз кемеге 7 астронавт сияды.
Масктың Марсқа қатысты 100 жылдық жоспары
Бұрын АҚШ-тың "Атлантис" шатлы соңғы рет 2011 жылы ұшырылған. Содан бері NASA ғарышкерлерін ХҒС-ға ұшыру үшін Ресейдің "Союз” ғарыш кемесінің көмегіне жүгініп келеді.
Егер қазіргі рейс сәтті болса, NASA Crew Dragon-ды ХҒС-қа ғарышкерлерді тұрақты түрде алып шығу үшін сертификаттайды.
Бұл тарихи ұшудың барлық процесі NASA және SpaceX-тің YouTube арналарында тікелей эфирде көрсетіледі.
Роберт Бенкен мен Дуглас Харли зымыранның адамды орбитаға шығаруға дайындығын бағалауы керек. Харли экипаждың дербес рейсін қадағалайды, ал Бенкен ХҒС-мен бірге кемені автоматты қондыру және ажырату процесін бақылайды. Сонымен қатар, ғарышкерлерге SpaceX жасаған жаңа құтқару костюмдерінің ыңғайлылығы мен жұмыс қабілетін тәжірибе жүзінде тексеру тапсырылған.
Ұшу кезінде пайдаланылатын кеме де, зымыранның бірінші кезеңі де жаңа және бірнеше рет қолдануға арналған. Зымыранның бірінші кезеңі миссиясын аяқтағаннан кейін, Атлант мұхитындағы жасанды айлаққа қонады.
Ғарышкерлер ұшуға аттанар алдында отбасыларымен қоштасып, бір-бірін алыстан құшақтап, карантин ережелерін сақтаған.
АҚШ ғарышкерлері қазіргі уақытта ХҒС-да жұмыс істейтін америкалық астронавт Кристофер Кассиди және ресейлік астронавттар Анатолий Иванишин мен Иван Вагнер тобына қосылады.
Айта кету керек, Харли 2011 жылы ғарыштық аппараттар бағдарламасының соңғы миссиясында "Атлантистегі" экипаж мүшесі құрамында болған, ал Бенкен 2008 және 2010 жылдары миссияларға ұшу маманы ретінде қатысқан. Ол 6 рет ғарышта болған тәжірибелі астронавт.
Ғарышкерлер ХҒС-да 30-дан 119 күнге болуы қарастырылған. NASA ақырғы шешімді ғарыш кемесі ХҒС-қа қосылғаннан кейін қабылдайды. Харли мен Бенкен ғарыш станциясындағы миссияларын аяқтағаннан кейін Жерге қайтарылатын жүкпен оралады. Олар парашют көмегімен Атлант мұхитына Флоридаға жақын жерде қонады деп жоспарланған.
Crew Dragon-ның астронавтсыз алғашқы рейсі 2019 жылдың 2 наурызында жүзеге асырылды. Ол ХҒС-қа миссияның бөлігі ретінде жетіп, оған автоматты түрде қосылып қайта ажырап Жерге оралған. Бірақ 1,5 айдан кейін кеме апаттық құтқару жүйесі сынақ кезінде жарылып кеткен.
SpaceX болашақта туристерді орбитаға шығару үшін Crew Dragon пайдалануды жоспарлап отыр. Компания 2021 жылы осындай 2 миссияны жүзеге асыратынын мәлімдеген.