Экзопланеталарды (Күн шегінен тыс планеталар) зерттеу үшін құрылған Kepler ғарыш телескопы жуырда жанармайының бітуіне байланысты өз қызметін аяқтайды. Планеталарды зерттейтін ғалымдар ғарыш аппараты өз қызметін аяқтаудан бұрын көбірек ғылыми мәліметтер алып қалуды мақсат етіп отыр. Осыдан соң Kepler-мен Жер арасында байланысын тоқтатады. Еске сала кетейік, Kepler ғарыш аппараты 2009 жылы құрып, 2013 жылы 1 моторынан ақау шыққанына байланысты К2 миссиясы айналасында пайдаланылған болатын. Осы уақытқа дейін Kepler-дің көмегімен үш мыңға жуық экзопланета анықталған.