Instagram әлеуметтік желісіндегі суреттер енді басқа тәртіп бойынша жарияланады. Бұл туралы компанияның блогында айтылған.
Қазір лентадағы хабарламалар хронологиялық негізде жарияланады. Болашақта лентаның жаңаруы Facebook желісіне ұқсатылады.
Instagram өкілдері лентаның бірнеше факторға тәуелді алгоритм бойынша құрылатынын айтты. "Егер сіздің сүйікті әншіңіз түнгі концертте түсірілген видеоны бөліссе, ол сіз оянғанда лентаңызда тұрады. Сонымен қатар, сіздің құрбыңыз күшгінің суретін жарияласа, сіз мұны жіберіп алмайсыз", - делінген компания хабарламасында.
Алгоритм біртіндеп өзгертіледі. Жақын арада Instagram лентаны ең танымал суреттер мен видеолар негізінде жаңартуға көшеді. Ары қарай алгоритм қиындатылады.
"Сіздер мына жайды естігенде таңғаласыздар, адамдар орташа есеппен лентасының 70 пайызын жіберіп алады. Қазір Instagram өсті, суреттер мен видеолардың барлығын бақылап отыру қиын. Бұл сіздердің маңыздырақ посттарды көрмейтіндеріңізді көрсетеді", - делінген Instagram хабарламасында.
Дереккөз: tengrinews.kz