16 желтоқсаннан бастап Instagram әлеуметтік желісіне жаңа функция енді. Енді қолданушылар фото немесе видео жариялаған кезде, қорлау мәніндегі пікірлер жазылса, оларға ескерту хабарлама жібере алады.
"Интернетте қорлайтындармен күресу мақсатында жасанды интеллектіні ойлап таптық, оның көмегімен Instagram-да қолданушылардың бірін-бірі қорқыту түрлерін ажыра алатын болдық", - делінген хабарламада.
Әлеуметтік желі өкілдерінің айтуынша, бұл функция бастапқыда кейбір елдерде ғана қосылады, ал алдағы бірнеше айда әлем бойынша жұмыс істейді.