Қыркүйектің екінші жартысында өз қолданушыларына жол тартатын IOS 12 жаңартуларына қосымша функциялар қосылады. Атап айтарболсақ, 911 нөміріне, яғни құтқару қызметіне қоңырау шалу кезінде Ipһone автоматты түрде құтқару қызметіне телефонның дәлқазір орналасқан мекенжайын жібереді. Бұл функция төтенше жағдай диспетчерлерінің қызметін жеңілдетпек. Құтқарушылар Iphone қолданушысы хабарласқан уақытта бірденнақты мекен жайды біле алады.Смартфонның қолданылған аумағын бақылап отыру үшін тұтынушыны байланыс, Wi-Fi және GPS арқылы бақылайтын арнайы технологияқолданылады. Apple-дің хабарлауы бойынша, бұл сервис қолданушының мекенжайын 50 метрге дейінгі дәлдікпен тауып береді. АҚШ-тың байланыс бойынша федералды комиссиясының ақпараттарына сүйенсек, мекенжай ақпаратын дәл уақытында беретін бұлфункция жыл сайын 10 мың адамның өмірін сақтап қалуға көмектеспек. Apple бұл функция тек 911 нөмірін теріп, колл-орталыққа қоңырау шалғанда ғана жүзеге асатынын мәлімдеді. Сонымен қатар,функция әзірше АҚШ аумағында ғана жүзеге аспақ. Басқа елдерге бұл әрекетті орындау қашан мүмкін болмақ?! Apple бұл жайында тарқатып айтқан жоқ.