- Негізгі бет
- Техно
- Huawei смартфондарындағы жасанды...
Huawei смартфондарындағы жасанды интеллект
Жасанды интеллект технологиясы әрдайым даму үстінде және Huawei бұл үрдіске қатысып қана қоймай онымен бірге дамып келеді. Смартфондарға жасанды интеллекті бар тұңғыш Kirin 970 чипсеті орнатылғаннан кейін, компания бұл технологияда ілгері қадамдар жасай бастады. Huawei жасампаз өнімдер арқылы инновацияға деген ұмтылысын көрсетіп, жасанды интеллектінің тек сәнді сөз ғана емес, адамдар өмірін жеңілдететін технология екенін өздігінше дәлелдеп келеді.
Соңғы шыққан Huawei Mate20 сериясы – компанияның жасанды интеллектідегі жетістіктерін көрсететін озық үлгілер. Kirin 980, 7-нм процессор орнатылған смартфондар мәліметтерді қос нейронды блок арқылы өңдейді. Жасанды интеллектінің көп қыры смартфондардың камерасында байқалады, әсіресе суретке түсіруде түрлі инновацияны байқауға болады. Сондай-ақ видеоны өңдеу, AR-функцияларда да жасанды интеллектінің жетістіктері бар. Kirin 970 негізіндегі EMUI 9.0 арқылы смартфондар, атап айтқанда Huawei P20 және Huawei P20 Pro өзге де жаңа AI функцияларға (кейбірі бұлтты жады негізінде) ие.
Жасанды интеллект алгоритмдері арқасында Huawei жұмысты барынша жағымды етеді, күнделікті жұмыстар жеңілденіп, уақыт үнемделеді. Мысалы адамдар алуан мәдениеттер ортасында тілдік қиындықтарға тап болуы мүмкін. Қолданушыға көмектесу үшін, Huawei HiVision арқылы аударманың интеллектуал функциясын бейімдеді. Бұлтты қойманы пайдалана отырып, функция көптілді аударма, AR аудармамен бірге кең шоғырлы аударма жүйесін қамтиды.
Ал EMUI 9.0 смартфон экранын теледидар мен проекторларға проекциялау функциясын әжептәуір жеңілдетті. Бұл кеңсе қызметкерлерінің өнімді жұмысына септігін тигізді.
Біздің өмір тым күрделі, шытырман болып көрінуі мүмкін, ал негізі бәрі оңай. Huawei компаниясының жасанды интеллектідегі мүмкіндіктеріне қарап, сол күрделі көрінген дүниелердің болмашы екенін аңғаруға болады.
Серіктес материалы
Massaget.kz