Fortune Global 500 рейтингінде Huawei компаниясы 49-орыннан көрінді. Өткен жылы Huawei 61-сатыда тұрған еді.
2019 жылы Huawei компаниясының таза табысы 5,6% өскен. Ал биыл АҚШ тарапынан жасалған санкцияларға қарамастан компания табысын 13,1% өсірген.
Компания басшысы Ричард Ю жетістіктің құпиясымен бөлісті: "Біз клиенттерімізге жаңашылықты ұсынуға тырысамыз, бұған қоса жаңа белестерді бағындыру үшін ғылыми-зерттеу саласына көп мән береміз"
Fortune 500 тізімі компанияларды табысы және пайдасы бойынша тізбектейді. Бүгінде аталмыш рейтинг танымал компаниялар санасатындай дәрежеге жеткен.
Серіктес материалы