Жасанды интеллект (ЖИ) – адам мінезі мен ой жүйесін қайталауға, танып, оқуға қабілетті технологиялық жүйе. Жасанды интеллектіге деген қызығушылық барған сайын артып келеді. Ол смартфондағы "ақылды" камераны басқарудан бастап, қатерлі ісікті анықтауға дейін әртүрлі тапсырманы орындай алады. Бірақ ары бармай, смартфон жайлы әңгіме өрбітейік.
Huawei компаниясы нарық ағынымен бірге өзге өндірушілер сияқты өз гаджеттерін жасанды интеллектімен жабдықтап келеді. Бірақ Huawei мен өзге өндірушілер арасында айырмашылық бар, Huawei-дің жасампаз технологиясы барынша пайдалы, епті және жан-жақты қамтылып жасалады.
Huawei жасанды интеллект саласында қандай жобалар ұсынады?
– "Компьютерлік көзқарас" (Computer Vision (CV) Engine) – адамның көру жүйесін өңдеп, қоршаған ортаны тани алатын технология;
– Сөзді тани алатын автоматты механизм (Automatic Speech Recognition (ASR) Engine) text-to-speech арқылы адам сөзін түсініп, мәтінге айналдыра алады;
– Табиғи тілді тану технологиясы (Natural Language Understanding (NLU) Engine) – жасанды интеллект пен математикалық лингвистиканы тоғыстырған технология. Ол мәтінге сауатты синтез жасап, адам мен компьютер арасындағы ыңғайлы байланысқа ықпал етеді.
Әрине, өте әсерлі естіледі, бірақ қолданушы үшін оның нақты қандай пайдасы бар? Бірнеше артықшылығын атап өтейік:
– Сіздің смартфоныңыз жеке көмекшіңіз сияқты болады: телефон сіздің мінез-құлқыңыз бен қызығушылығыңызды анықтап, соның негізінде әр қилы ақпарат пен қызмет түрлерін ұсынады;
– Сіздің смартфоныңыз – энциклопедия: алдыңызда ілулі тұрған сурет авторын білу керек болса, А нүктесінен Б нүктесіне ең оңтайлы жолмен жету керек болса немесе тапсырыс берген бәліш құрамында қанша калорий бар екенін білу керек болса, ол сізге жедел анықтап беруге дайын;
– Смартфон сізге зат сатып алуға көмектеседі: мысалы сән туралы блогта сіз өзіңізге ұнаған бір затты көріп қалдыңыз делік, жасанды интеллект әп-сәтте соған ұқсас тауарларды интернет-дүкендерден тауып береді. Дүкенге барудың да қажеті жоқ;
– Сіздің смартфоныңыз кәсіби фотоаппарат: жасанды интеллект әр сурет үшін керек баптау мен түстерді автоматты түрде таңдап береді.
Қысқасы жасанды интеллект қауіпсіздік, навигация, ойын-сауық сияқты түрлі сала мен қызметте шын көмекшіге айналмақ. Оның маңында қанша даурықпа әңгіме (біреу жасанды интеллект біздің жұмысымызды тартып алады, біреу жаңа жұмыс орындарын жасайды дейді) жүрсе де, Huawei бұл технологияны біздің өмірімізге пайда әкелетін үлкен мүмкіндік деп таниды және оны жүзеге асырып келеді.
Серіктес материалы