#Gradient: Массагет тілшілерінің жұлдызды сыңарлары кімдер?

Әлеуметтік желі қолданушылары #Gradient фоторедакторының жаңа қызмет түрін белсенді қолдануда. Өзіңіздің селфиіңізді (не өзгенің) жүктеу арқылы қандай атақты адамға ұқсайтыныңызды анықтауға болады. Нәтижесі шындыққа келмегенімен, бір күліп алуыңызға себеп болады. Қолданушылар тобы өздерінің қызықты суреттерін инстаграм және твиттер желісінде жүктеуде. 

Бағдарлама мынадай қағидалар бойынша жұмыс істейді: нейрожүйе беттің ерекшеліктеріне сараптама жасап, қордағы суреттерден ұқсас адамды іздейді. Осылайша бір-ақ сәтте  қандай танымал адамға ұқсайтыныңызды ұғасыз.

Массагет порталының тілшілері де бұл "флешмобқа" қатысқан еді:

Бас редактор Өмірбек Сансызбаев Гарри Поттер рөлімен танымал Дэниел Рэдклиффке ұқсайтын боп шықты.

Бағдарлама Нұржамал Үсенованы үнді актрисасы Сонам Ахуджаға (Сонам Капур) ұқсатты.

Әдебиет жаңалықтарымен бөлісіп, Нобель сыйлығын алған зерттеушілер туралы жазатын Тұрсынбек Башар Альфред Хичкокке ұқсайды. 

Арт директор Ернар Алмабекті бүгіннің Галилеосы деп атауға болады.

Айымгүл Оралқызы шынымен Одриге ұқсайды, иә?

Дәмді мәзірімен қуантып жүретін Ақтоты Жапатова әнші, актриса Зендаяға ұқсайды.

Gradient фоторедакторы Әсел Асанованы актриса Кэтрин Хэйглге ұқсатыпты.

Айбар Рысдаулеттің "егізі" мұхит аспай-ақ, жақын маңнан табылды.

Әлібек Оразбай болса жазушы, антиутопиялардың авторы Эрнест Хемингуэйге ұқсайды.

Аслан Қажиевтің "сыңары" ретінде Леонардо Ди Каприо таңдалған.
 
Оқырмандар арасында "Жапырақ" есімімен танымал тілшіміз Гүлжанар Берік Приянка Чопраға ұқсайды.

Томирис Есқалидің сыңары ретінде актриса Моника Беллучиді көрсетті.

#Gradient фоторедакторы әлеуметтік желіде танылып қана қоймай, әзілдерге себеп болды. Бірі бағдарлама әлеуметтік желіде отырмай, көп жұмыс жасаса кім болатынынды көрсетеді десе, енді бірі бұрын бағдарлама арқылы жыныс ауыстыру сән еді, енді пластикалық ота сән бе деп таңдануда. Әрине, бұлардың барлығы уақытша. Бірнеше күннен не айдан соң ұмыт болып, оның орнын сапалы әрі қызығырақ бағдарламалар алмастырады. Ал, әзірге "массагеттіктердің" қайсысы көбірек жұлдыздарға ұқсатынын пікірге жазып жіберіңіз.