Google смарт-сағат шығармақ

Google смарт-сағат шығармақ
Фото: businessinsider.com

2022 жылы Google компаниясы смарт-сағат жасап шықпақ. Бұл жайлы Business Insider басылымы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, жаңа аппараттың брендтің атауы – Pixel. Девайстың дизайны дөңгелек түрінде жасалады. Циферблат, ауыспалы фирмалық бауы тағылып, Wear OS атты операциялық жүйе орнатылады.

Ақылды сағат медициналық көрсеткіштерді көрсетіп отырады. Атап айтқанда, жүрек соғысын, қолданушының белсенділігін көрсетіп тұрады. Сондай-ақ, жаттығу жасау кезінде қосып қою үшін арнайы көрсеткіштері де болмақ.

2021 жылы  Google компаниясы фитнес пен денсаулыққа арналған электроника түрлерін шығаратын Fitbit компаниясын сатып алған еді. Смарт-сағатты да осы компанияның тәжірибесі негізінде жасамақ. Әрі Apple Watch-тің тікелей қарсыласы болмақ ниетте.

Гаджет 2022 жылдың соңына таман шығады.

Қ. Слямбек