Google корпорациясы ұсынған Google+ әлеуметтік желісі 2 сәуірден бастап өз жұмысын тоқтатады. Сервис қызметін пайдаланған барлық қолданушылардың парақшалары, оның ішіндегі суреттер мен видеолар толықтай өшіріледі.
Аталған желінің жұмысын тоқтатуы Google компаниясының басқа сервистеріне әсер етпейді. YouTube, Google карта, Gmail сервистері өз жұмысын жалғастыра береді.
Корпорация әлеуметтік желіден қолданушылардың аздығынан бас тартқан. Алғашында Google+ биылғы жылдың тамыз айында жабылады деп хабарлаған. Алайда, техникалық жұмыстардың жылдам жүргізілуінен бұл мерзім қысқарды.