Google тұтынушылардың арасында 3D көріністі қамтамасыз ететін бағдарламалық қамту мен құрылымдық аппараттары бар прототипті смартфон шығарды. Тетіктер секундына 250,000 3D өлшемін жіберетін құрылымға ие және оны шынайы уақыт тәртібінде өңдейтін болады.
Жаңа смартфонның жасалу барысында жасаушылар қатарынан 200-ден аса прототиптерін ұсынған еді. "Біз - 3D әлемінде өмір суретін физикалық құбылыспыз. Сонда да біздің мобильді құрылғыларымыз материалды әлемді экранның бұрышымен шектеп отыр. Танго жобасының мақсаты мобильді құрылғылардың кеңістік пен қозғалыстағы адамдық масштабтың бейнесін көрсете алуында болады", - дейді жобаның жетекшісі Алан Макберри (Google).
Project Tango құрылғысының басқа да үлгілері кеңістікті эффектті фотомен өңдеу қабілеттерін көрсетті. Дегенмен, тағы бір компания тура осы жобаның басын ұстаған болып шықты. Matterport 3D-маппингтегі камерасын жасап үлгергенін хабарлағанымен, ондағы суреттер 3D форматына толық ене алуға жетпепті.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/9_GD7kUbogk#t","width":"450","height":"350"});
Видео арқылы бөлменің сканерленіп жатқанын көре аласыздар. Түсірілген панорама сақталғаннан кейін, оны кез-келген үлгімен қайта көруге болады.
АҚЫЛДЫ ТЕХНОЛОГИЯ
Осы салада Google өзінің Google Glass деп аталатын жаңа үлгісін де ұсынды. Алдында компания адамның көз жасындағы глюкозаның құрамын өлшей алатын смарт контактті линза жобасымен де айналысып жатқанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар, қаңтар айында Google жасанды санамен айналысатын DeepMind деп аталатын британдық компанияны £400 миллионға сатып алған болатын.
Әзірге Google жаңа смартфонның бағасын жариялаған жоқ. Ал Matterport өз жүйесін 4500$-ге бағалап отыр. Екі компания да өз өнімдерін ең алдымен интерьер саулетшілері мен дизайнерлеріне ұсынып отыр. Google, әу басынан, Tango жобасын әлемнің микромасштабын көрсететін үш өлшемді карта болатынына сеніммен қарағандығын оның мерзімді шығарылып отырған таныстыру ақпараттарынан ақ белгілі.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: habrahabr.ru