«Facebook» әлеуметтік желісінің қызметкерлері жақын уақытта ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету аясы тарылатыны туралы болжам жасады. Әлеуметтік желі мессенджерінің дами түсуіне байланысты адамдар телефон нөмірлерін пайдаланудан бас тартатын көрінеді.
- 2016 жылы телефон нөмірлерінің келешекте керек болмайтындығы анық байқалады. «Facebook» мессенджерінің дамуы - ұялы байланыс операторларын түбегейлі жоюға жақын, - дейді әлеуметтік желінің Дэвид Маркус есімді қызметкері.
Дэвид Маркустың айтуы бойынша, алдағы уақытта «Facebook» мессенджері арқылы хат жазып қана қоймай, дауыстық хабарлама жіберу, қоңырау шалу кеңінен қолданыла бастайды екен.