- Негізгі бет
- Техно
- Facebook-тегі “Unsend” ...
Facebook-тегі “Unsend” қызметі пайдаланушылар қауіпсіздігінің кепілі ме?
Facebook әлеуметтік желісі барлық пайдаланушылары үшін "Unsend" қызметін жақын күндері пайдалануға ұсынады.
Мессенджердің шифрланған нұсқасынан пайдаланушылар таймер қою мүмкіндігіне ие болады. Жазбаларыңыз белгілі уақыт өткен соң автоматты түрде өшіп кетіп отырады. Мамандардың айтуынша, хабарларды өшіру қызметін ауқымдастыру көзделіп отыр. Бірақ, оған бірнеше ай уақыт керек болады.
6 сәуір күні Facebook әкімшілігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында желінің негізін салушы Марк Цукербергтің жазбаларын өшіріп тастағанын мәлім еткен еді. "Unsend" қызметі іске қосылғасын Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушылар өз хабарламаларын өшіріп отыру мүмкіндігіне ие болады.
Естеріңізге сала кетсек, Facebook мұндай қадамға Дональд Трамптың сайлауалды компаниясының мүдделері үшін сайлаушылардың пікірін зерттеген Cambridge Analytica ақпараттары үшін барып отыр. Олар әлеуметтік желі пайдаланушылардың рұқсатын алмай, жеке басқа қатысты мәліметтерді тексеріп, арты үлкен дауға ұласқан еді.
Т. Раушанұлы