Facebook компаниясы Голливуд студияларымен келісімшартқа отырмақ. Басты мақсат – сериалдар түсіру.
Әлеуметтік желінің басқарушы топ мүшелері жоспары бойынша әр серияға кететін қаржы 3 миллион доллардан аспауы тиіс. Негізгі нысан, яғни, көрермен — 13 пен 34 жас аралығындағы жастар. Сериалдарда саяси тақырыптар талқыланбайды, сондай-ақ, әдеби нормаға жатпайтын лексика қолданылмайтын болады.
Америкалық БАҚ хабарлауынша, компания екі бағыттағы сериал туралы келісімшартқа әлдеқашан қол қойып, жұмысқа кірісіп кеткен. Олардың бірі — теле-ойын, екіншісі – жастардың арасындағы сезім туралы сериал. Facebook әлеуметтік желісінің алғашқы сериалы осы тамызда көрерменге жол тартпақ.