Facebookкомпаниясы нейрон тармаққа негізделген алгоритм жасап шығарды. Бұл жүйе пайдаланушылардың жұмылып қалған немесе сәтсіз түсірілген суреттерін түзетеді. Generic Adversarial Network (GAN) нейрон тармағы жұмылып қалған көзіңізді ашу, сәтсіз түскен суреттеріңізді түзету бағдарламасына ие. Түзету кезінде барлық параметрлер есепке алынады: жарық, камера бұрышы, бояну т.б. Бұл алгоритм пайдаланушылар арасында жылы қабылданатыны күтілуде. Себебі жасанды интеллект адамға керекті кейбір нәрселерді түсінбейді. Мысалы ол көзіңізді ашып, кірпігіңіз айналасындағы терінің түсін өзгертіп жіберуі мүмкін. Немесе өте көп кірпіктерді қосып жібереді. Ал, Facebook алгоритмі бұл жағынан өте көп жақсы жетістіктерге ие. Facebook әлеуметтік тармағындағы бағдарлама фотошоптан гөрі көптеген табиғи жетістектерге жеткен. Жұмылып қалған көзіңізді ашу кезінде көз басқа суреттен алынғаны білінбейді, оларда ешқандай түстің сәйкес келуі немесе бөлініп тұруы сезілмейді.