Pluribus – покер ойнауға машықталған нейрожүйе. Ол алты ойыншы ойнайтын Техас холдемінде Даррен Элиас, Крис Фергюсон сынды чемпионарды жеңіп кетті. Нейрожүйеге қарсы ойнаған әр ойыншы покермен кәсіби түрде айналысады және Pluribus бес ойыншыға қарсы ойнай алатын алғашқы нейрожүйе атанды.
Модельді Facebook AI инженерлері Карнеги Мелон университетінің зерттеушілерімен бірлесіп жасаған.
Покер дер кезінде қарсылас жүрісіне ыңғайлануды, асқан айлакерлікті қажет етеді. Pluribus ойыншыларға қарсы 5000 ойын өткізіп, оппоненттерінен басым болды.
Нейрожүйе қарсыластарының әр жүрісі мен тігісін саралап отыруға қабілетті. Ойындағы өз қатесімен бірге қарсыластарының да қатесін ескеріп, оны келесіде қайталамайтындай дәрежеге жеткен.
Покерде кәсіби ойыншыларға қарсы ойнаған тек Pluribus емес, бұған дейін Libratus, Lengpudashi сынды нейрожүйелер де жеңіске жетіп жүрді.