- Негізгі бет
- Техно
- Facebook компаниясына 5...
Facebook компаниясына 5 млрд доллар айыппұл салынды
Фото:
infobae.com
Марк Цукербергтің компаниясына тұтынушылар туралы ақпаратты қорғамағаны үшін 5 миллиард доллар айыппұл салынды. Бұл ақпаратты АҚШ-тың Сауда жөніндегі федералдық комиссиясы хабарлады.
Аталған орган Facebook компаниясына азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауды қатаңдатуды тапсырды. Ал Facebook оларды қорғау жөнінде тәуелсіз комитет құратын болды.
Айта кетейік, 2018 жылы сәуір айында бұл әлеуметтік желіні пайдаланушылардың жеке мәліметтері қолды болғаны анықталған еді. Осы жағдайдан кейін тергеу ісі басталды. Ал биыл, "Фейсбук" қызметкерлері 1 жарым миллион адамның электронды поштасы туралы мәліметтерін абайсызда жариялап жіберген еді.
А. Қажиев