Facebook әлеуметтік желісінде соңғы уақытта BFF сөзі арқылы өз аккаунтыңыздың қауіпсіздігін тексеру мүмкіндігі бар деген хабарлама қураған шөпке тиген оттай қаулап жүр. Анығында мұның пайдасы бар ма? Пайдаланушылардың пікіріне қарағанда, егер BFF сөзін жазған кезде ол жасыл түсті болса, онда акаунтыңыз қорғалған. Жасыл түс шықпаса, аккаунтыңызға қауіп төніп тұр деген сөз, демек құпия сөзді ауыстыру керек. Осы күндері Facebook әлеуметтік желісі айналасында дау өршіп тұр. Трамптың сайлау алды компаниясына қызмет көрсеткен Cambridge Analytica компаниясы Facebook желісіндегі 50 миллион адамның жеке мәліметтерін рұқсатсыз пайдаланды деп айыпталып жатыр. Шындығында, BFF Facebook Text Delight аббервиатурасы, мұны жазу арқылы сұқбаттасушыңызбен арадағы байланысты нықтай түсесіз деген сөз. BFF қырқартылған сөз, Best friends forever, яғни өміріңіздегі ең жақын достар дегенді білдіреді. Бұл Text Delight-тің жалғыз бұйрығы ғана емес, best wishes сөзін жазу арқылы қызыл түсті эфектіні экраныңызға шығаруға болады. Демек, BFF сөзі сіздің аккаунтыңыздың қауіпсіздігінің кепілі емес. Бұл әлеуметтік желіде көбірек уақыт өткізіп, достарыңызды көбейту, олармен жиірек байланыста болудың бір жолы ғана.