Facebook әлеуметтік желісі сервисті қауіпсіз пайдалану мақсатында жасөспірімдерге кеңес беретін жастарға арналған портал ашты. Facebook-дің айтуынша аталған портал әлеуметтік желі алгоритмдері осы ай басынан бастап жаңалықтар лентасында жасөспірімдерге түрлі кеңестер беріп келуде. Портал бөлімдері, мысалы біреуді қалай блоктау т.б кеңестерді береді. Бұдан басқа әлеуметтік желіні пайдалануды енді бастаған пайдаланушыларға оны қалай ашу, қолдану туралы мәліметтер беріп отырады. Жаңа портал тек қана ақпараттар бетінен тұрады. Мысалы, кеңестердің бірінде былай деп жазылған: бірер жазбаңызды көпшілікке жариялаудан бұрын өзіңізге мұны ата-анам, жақындарым, достарым оқыса жұрт алдында ыңғайсыз жағдайға қалмай ма, деген сынды сұрақтар беріңіз. Сіздің мектебіңізде өзіңіз сынды достарыңыз да әлеуметтік желіден пайдаланады, сонымен қатар жақындарыңыз да. Алдымен, қызықты да пайдалы мәліметті солармен бөлісіңіз. Америкалық мамандардың пікірінше Facebook әлеуметтік желісі жасөспірімдер мен жастар арасында белсенділігін жоғалтып жатыр. Жастардың бұл әлеуметтік желіге деген қызығушылығы азайып бара жатыр екен. 2018 жылғы статистикалық мәлімет бойынша Facebook-тен пайдаланушы 18 бен 24 жас аралығындағы жастар саны 5,8 пайызға былтырғы жылғы көрсеткіштен төмендеген. Жаңадан ашылған ақпараттық портал жастар арасында Facebook-тің белсенділігн арттырады деп күтілуде. Жастар порталы әлемнің 60 тілінде қызмет етеді.