- Негізгі бет
- Техно
- Facebook жанкүйерлерге онлайн-стадион...
Facebook жанкүйерлерге онлайн-стадион ашқалы отыр
Facebook әлеуметтік желісі өз базасына қазіргі уақыттағы спорттық жарыстарының статистикасы, жанкүйерлердің және спорт комментаторларының талдауы бар Facebook Sports Stadium спорттық онлайн- платформасын ашатынын хабарлады.
Reuters жазғандай, қазір әлеуметтік желінің ауқымы миллиардтаған белсенді қолданушыларды құрайды. Соның ішінде 650 млн қолданушы спорт жанкүйерлері. Facebook олар үшін шынайы уақыттағы ойындардың жүруін жаңартып отыруды, жанкүйерлердің танымал хаттарын, ойын статистикасын және эксперттердің талдауын жариялауға уәде берді. Алдымен Facebook спорт жанкүйерлеріне 7 ақпан қарсаңында басталатын америкалық футбол жарысын көрсетеді. Болашақта платформаға спорттың басқа да түрлері қосылады. Сонымен қатар жанкүйердің өз қалауы бойынша сервисті реттеуге болатын етеді.
Эксперттердің ойынша, қазір спорттық жағдайлардың танылған «комментаторы» Twitter микроблог сервисі болып табылады. Business Insider мәліметі бойынша, келе жатырған Суперкубқа спорттық твиттер саны рекорд жасап, 28,4 млн хатты құрады. Желіге әрбір минутта 375 мың твит келген. Сондықтан фейсбукті қиын бәсекелестік күтіп тұр.
А. Жапатова