Facebook дислайк батырмасын іске қосты

Facebook дислайк батырмасын іске қосты
Фото: vk.com

Facebook-тің кейбір пайдаланушылары профильдерінде көптен күткен дислайк, яғни, «маған ұнамайды» батырмасының пайда болғанын байқады.

Бұл опция топтық парақшаларда және әлеуметтік желі ұсынған естеліктерде ғана жұмыс істейді. Теориялық тұрғыдан алғанда, опцияны жасаушылар нақты осы батырманың пайда болуы қорлау пікірлерінің пайда болуын азайтуға көмектеседі деп күтеді. Әзірге дислайк сынақ режимінде жұмыс істейді және бұл функцияның жақын арада барлығына бірдей қол жетімді болатын-болмайтыны әлі белгісіз.

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг ұзақ уақыт бойы өзінің желісіне осындай опцияның қажет екеніне күмән келтіріп келді. 2015 жылы ол: «Бұл біз жасағымыз келетін қауымдастыққа сай келмейді, ешкім де өміріндегі маңызды оқиғамен бөлісіп, оған «маған ұнамайды» деген пікір алғысы келмейді,» - деді.

А. Оралқызы