Facebook Messenger-інде жазылған хабарламаларды өшіру функциясы пайда болды. Әлеуметтік желінің мәлімдеуінше, бұл функция Messenger-дің iOS және Android операцион жүйесіндегі жаңартылған версиясына қосылған.
Хабарды өшіру үшін оның үстінен екі рет басу керек. Осыдан соң дисплей бетінде меню пайда болып, одан пайдаланушы екі нұсқаның бірін – хабарды барлығы үшін немесе өзі көрмейтіндей етіп өшіре алады. Хатты жіберілгенен соң 10 минут ішінде өшіру керек. Әйтпесе аталған функция 10 минуттан соң хабарламаны өшіре алмайды.
Айта кетейік, Facebook жіберілген хаттарды өшіретін функция үстінде жұмыс істеп жатқандығы туралы бір жыл бұрын айтқан болатын. Мұндай ақпарат әлеуметтік желінің негізін салушы Марк Цукерберг пен Facebook-тің басқа басшыларының өз хаттарын өшіре алатындығынан кейін пайда болған. Осыған дейін әлеуметтік желінінің қарапайым пайдаланушылары жіберілген хаттарды тек өз беттерінен ғана өшіре алатын. Ал хабарламалар жіберілген адамдарда сақталып қалатын еді.