Facebook Giphy сервисін сатып алды

Facebook Giphy сервисін сатып алды
Фото: freepik.com

Facebook компаниясы Giphy анимация сервисін сатып алды. Axios дерегіне сүйенсек, жоба құны 400 миллион долларға бағаланған.

Giphy сервисі Instagram-ға қосылады. "Instagram мен Giphy-ды біріктірсек, Stories пен жеке хаттарда GIF-анимация мен стикерді іздеу оңай болмақ", - дейді компания өкілдері.

Crunchbase дерегіне сай, Giphy сервисі 2013 жылы құрылғалы бері 150,9 миллион доллар пайда тапқан және күн сайын 700 миллион қолданушыға контент өңдейді.

Massaget.kz