Clubhouse желісі қалай жұмыс істейді?

Clubhouse желісі қалай жұмыс істейді?
Фото: itzine.ru

Clubhouse – тек аудио арқылы хат алмасуға арналған қосымша. Стэнфорд университетінің түлектері және Кремний алқабында қызмет ететін кәсіпкерлер Пол Дэвидсон пен Роэн Сет Clubhouse атты жаңа қосымшаны құрастырып шықты. Екеуі де оған дейін Google компаниясында қызмет атқарған. Коронавирус пандемиясы кезінде осы қосымшаны жасау идеясы келген. Оған себеп – адамдардың жаңа байланыс құрылғыларын іздеуі.

Clubhouse платформасында талқылау панелі және ортақ қызығушылықтар бойынша бөлме-чаттарға бөлінеді. Қолданушылар сурет, гив, видео жібере алмайды, тек аудио арқылы хат алмасады. 

Clubhouse қалай жұмыс істейді?

Тіркелген кезде қолданушылар өзінің шынайы аты-жөнін көрсетеді және өзі қызығатын тақырыптарды таңдайды. Сервис жеке адам ерекшеліктеріне мән береді. Өйткені контенттің көптігі соншалықты, оларды адам игеріп үлгермеуі мүмкін.

Қазіргі таңда қосымша тек iPhone қолданушыларына ғана қолжетімді, ал тіркелу үшін өзге қолданушыдан шақырту алу керек. Әлеуметтік желі қолданушысына шектеу бар: ол бірден бірнеше танысын шақыра алмайды. Кез келген қолданушының профилінде кімнен шақырту алғаны көрініп тұрады. Ал шақыртуды тек iPhone немесе iPad құрылғыларына сақталған байланыс нөмірлері арқылы жібереді. Android бағдарламасына арналған нұсқасы жасалып жатыр.  

Тіркелгеннен кейін басты бетке өтеді. Ол жерде қосылуға ұсынатын парақшалар көрсетілді. Сол арқылы алгоритм қолданушының қызығушылығын сараптап, оған музыка, кино, технология сынды тағы басқа да тақырыптар талқыланатын парақшаларды ұсынады. 

Егер талқылауға бірнеше адам қатысса хабарлама қатысушылардың барлық жазылушысына бірдей келеді.  Сол арқылы бірнеше қатысушысы бар парақша бірден бірнеше жазылушыны жинайды.

Әр парақшада отыра алатын қатысушылар саны бес мыңмен шектеледі. Парақша қолданушылары спикерлерге және жазылушыға жіктеледі. Жазылушы өз ойымен бөліскісе келсе, модераторға ұсыныс тастайды. Модератор қаласа ғана ол спикер атана алады. 

Неге Clubhouse танымал?

Clubhouse желісінің шығуы подкастар мен дауыс жазба сервистерінің  танымалдығына сәйкес келді. Бірақ оның танымалдылына біршама әсер еткен оның эксклюзивті қосымша болуы. Қолданушылар Clubhouse қосымшасына "стероидты нетворкинг" деген атау беріліп үлгерді: парақшаларда атақты әрі керек адаммен араласу жеңіл әрі оңай бола түсті.

Аудиторияның артуына әлеуметтік желіге Илон Маск,  Марк Цукерберг, Эштон Катчер мен Пэрис Хилтон сынды атақты адамдардың тіркелуі де айтарлықтай әсер еткені анық.

Т. Есқали