- Негізгі бет
- Техно
- Apple смартфондарының сатылымы...
Apple смартфондарының сатылымы азайды
Фото:
static5.businessinsider.com
Америкалық алпауыт Apple компаниясының смартфондар сатылымы біршама азайды.
2016 жылдың үшінші тоқсанында кәсіпорынның табысы өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға төмендеген. Ал таза пайда 27%-ға кеміді. Дегенмен ІТ өкілдері сарапшылар жағдайдың бұдан да төмен болжағанын айтады. Компанияның қаржы директоры сатылымның күткендегіден жоғары болуына Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шыққаннан кейін Корольдіктен түсетін сұраныстарда айтарлықтай ауытқушылықтың болмауымен байланыстырды.
Жалпы Apple смартфондарының Қытайдағы сатылымы былтырғы жылмен салыстырғанда 33%-ға қысқарған.
Айта кетейік, Apple компаниясының табысы осы жылы алғаш рет азайды. Бұған дейін 8 жыл бойы тек қана өсім көрсетіп келген.
Дереккөз: 24.kz