Apple шынайы өмірге виртуалды қосымша енгізетін көзәйнек жобасын патенттеді

Apple шынайы өмірге виртуалды қосымша енгізетін көзәйнек жобасын патенттеді
Фото: vk.com

Apple корпорациясы шынайы өмірге виртуалды қосымша енгізетін көзәйнек жобасын патенттеді. Желіде ерекше девайстың сызбасы пайда болды.

Көзәйнекті таққан адам көз алдында тұрған кез келген зат туралы қосымша ақпарат алумен қатар, оған виртуалды қосымшалар орнату мүмкіндігіне ие болады. Яғни, көшеде серуендеп келе жатқан адам жолында кезіккен нәрсенің бәрін өзінше өзгертіп алса болады. Өз қалауың бойынша түсірілген фильм ішіне енгендей күй кешесің.

Естеріңізге сала кетейік, аталған құрылғы соншалық жаңа өнертуындысы емес. Өйткені, бұған дейін идеяны Google компаниясы ұсынып, жаңа девайсқа Google Glass деген атау берген. Десе де жоба аяғына дейін жетпеді. 

А. Оралқызы