Apple өз платформасында мобильдік ойындардың монополиясы үшін айыпталды

Apple өз платформасында мобильдік ойындардың монополиясы үшін айыпталды
Фото: applesfera.com

IOS платформасында мобильдік ойындар нарығын монополиялауда және өзінің монополиялық жағдайын сақтап қалу үшін бәсекелестік ережесін бұзды деп айыпталған Apple компаниясына кезекті топтық арыз түсірілді.

Калифорния штаты бойынша Солтүстік округтің аймақтық сотына жолданған шағымда Apple компаниясының «бәсекелестікті бұзып, заңсыз әрекет танытып отырғаны» жазылған.

Шағым Нью-Джерси тұрғыны Джон Пистачио (John Pistacchio) атынан келіп түскен. Ол компанияның Apple Arcade сервисіне өту құны тым жоғары деп есептейді.

Талапкер Apple-дің қосымшаны әзірлеушілерден өз ережелерін ұстануды талап етіп, оларды басқа платформаларда орналастыруға тыйым салып, сол арқылы монополист болып отырғанын айтады.

Бірде бір әзірлеуші немесе әзірлеушілер тобының iOS платформасының пайдаланушыларына өзге де платформалардың да Microsoft, Facebook дәне Google тәрізді табыс түсіретіндей ықпал ете алмайтыны хабарланды.

Талап түсіруші тергеу өткізуді, материалдық шығынның өтелуін, талап түсірушілердің құқықтық қорғалуын, сот шығындарының өтелуі және компанияға қарсы санкциялардың қолданылуын талап етіп отыр.

А. Рысдәулет