Apple басшысы Тим Кук жақында берген сұқбатында компанияның жаңа жұмыс орны Apple Park-тегі қызметкерлердің қалай жұмыс істейтіні туралы кейбір құпияларымен бөлісті. Куктің мәлімдеуінше компанияның барлық жұмысшылары тұрып жұмыс істеу үшін арнайы орындықтар алған. Кук ұзақ отырудың адам денсаулығына зиян екенін тілге тиек ете отырып, дәрігерлердің отырып жұмыс істеу бұл жаңа қатерлі ісіктің туындауына себепші болады деген сөзін айтып өтті. Оның сөздеріне қарағанда біршама тұрып жұмыс істеп кейін қайтадан отырып жұмыс істеген денсаулыққа пайдалырақ екен. Орындықтарды арнайы пульт арқылы басқаруға болады. Куктің мәліметінше мұндай орындықтарды жасау үшін компания 5 миллиард доллар шығынданған.