АтақтыApple компаниясының жаңа штаб-пәтері салынып, құрылыс жұмыстары аяқталып келеді. Оператор Дункан Синфилд мұны видеоға түсіріп, желіге жариялады. ВидеоДункан СинфилдтіңYouTube каналында жарияланды. Кампустың құрылысы 2013 жылы басталғаны белгілі. Жобада 260 шаршы метр аумақты сақина түрінде құрылған төрт қабатты ғимараттың құрылысы қарастырылған. Естеріңізге сала кетейік,KGI Securities компаниясының сарапшысы Минг-Чи Куо Apple-дің келесі жылы шығаратын гаджеттеріне болжам жасап көрген еді.Оның зерттеуі бойынша, 2018 жылы 3 смартфон шығады, олар: біріншісі 6,5 дюйм OLED-экранды, екіншісі iPhone X секілді 5,8-дюйм, үшінші 6,1 дюйм LCD‑экранды. Ал, жақында желіде болашақ iPhone SE2 туралы алғашқы мәліметтер тарады. Оның тұсаукесері биыл өтеді деп болжам жасалды. Таралған әр түрлі қауесеттерге қарағанда жаңа iPhone-дашыны корпус пен сымсыз зарядтау функциясы болады.