Apple компаниясы ақылды көзәйнектің екіншісін шығаруға кірісті. Алдын ала болжамға қарағанда, өнім 2022 жылы дайын болмақ. Бұл жайлы техноинсайдер Роберт Скобл хабарлады.
Өнімнің атауы – Apple Glass AR. Гарнитураның өзінің дисплейі бар. Қоршаған ортаны Lidar технологиясы арқылы өзгеше көрсетеді. Сол үшін арнайы бағдарлама жасалмақ.
Гарнитура кәдімгі көзәйнекке ұқсайды, бірақ арнайы орнатылған линзасы бар. Электронды компонент пен аккумулятор орнатылады.
Ақылды көзәйнекті iPod плеерімен бірге ұсынылмақ. Ол да келесі жылы шығады. Құрылғы музыканы виртуалды шындық эффектісімен бірге қосуға, сол арқылы әуен тыңдауға мүмкіндік береді.
Құрылғы келесі жылы жазда шығады. Бірақ бағасы мен қай уақытта сатылымға шығатыны белгісіз.