АҚШ базар нарығындағы ең қымбат технологиялық компания Apple акциялары аптаның соңғы күндері рекордтық дәрежеде өсті. Нью-Йорк биржасында алдымен 187,36 долларға көтеріліп, апта соңында 1,6 пайызға өсіп 190,37 долларға жетті. Бұл компания тарихындағы ең жоғарғы нәтиже. Нақтылап айтқанда Apple акцияларының құны 959 миллиард долларға жетті. Сарапшылардың айтуынша, келесі аптада Apple акциялары 1 триллион долларға жетеді.