Жұмыс кезінде Уилям Монзиделистің ішіне қан кете бастаған. Apple Watch сағаты 32 жастағы пайдаланушыға тез арада дәрігерге қаралу керек екенін ескертті. Монзиделисті емханаға жеткізгенге дейін өте көп мөлшерде қан жоғалтқан. Дәрігерлер оның асқазанында жара барлығын анықтағаннан кейін тез арада ота жасап, Монзиделистің өмірін сақтап қала алды. Дәрігерлердің айтуынша, егер Монзиделис ақылды сағаттан хабарландыру алмағанда көп қан жоғалту салдарынан қайтыс болуы мүмкін екен. Apple Watch сағаты медицинаға арналып шығарылмаған болса да, оның бағдарламасында адам денсаулыңын бақылайтын функциялар бар. Ең маңызды функциясы пайдаланушының жүрегіндегі өзгерістерді анықтау бағдарламасы.