«Apple» корпорациясы АҚШ пен Азиядағы әріптестерімен бірлесіп, құрылғыны сымсыз қуаттандыру жобасын қолға алды. Осыған дейін жаңа «iPhone» cымсыз құрылғы арқылы жұмыс жасайтыны туралы хабарланған еді.
Бір жылдан кейін «iPhone» және «iPad» құрылғыларын сымсыз қуаттандыру пайда болуы мүмкін. Бүгінде құрылғыны тоққа қосуды қажет етпейтін қуаттандырғыш панельдер жиі пайдаланыла бастаған. Мысалы, қазіргі уақытта «Apple Watch» смарт сағаттарын тоқтан бірнеше миллиметр қашықтықта ұстап, қуатын толтыруға болады.
Дереккөз: inform.kz