Танымал «Apple» корпорациясы 2015 жылы көп сұранысқа ие болған үздік қосымшалардың тізімін жариялады. Тізімге iOS платформасында пайдаланылатын бағдарламалар ғана кірген.
Барлық қосымша бірнеше топқа бөлінген: тегін және ақылы бағдарламалар, сондай-ақ iPad немесе iPhone құрылғылары. Корпорация мұндай мессенджерлерді Facebook, Instagram, сондай-ақ Piano Tiles 2, YouTube және Google сияқты ерекше топқа бөлді.
iPhone-ға тек ақылы жүктелетін қосымшалар ішінде «Heads Up!», «Minecraft: Pocket Edition», «Cut the Rope: Magic и PlagueInc» бар. iPad туралы айтсақ, ақылы қосымшалар арасында алғашқы үш орынды Minecraft - Pocket Edition, Story Mode және Lucky Block Mod түрлері алды. Планшет иелері америкалық Apple корпорациясынан «Netflix», «Google», «YouTube», «Star Wars: Galaxy of Heroes» және «Piano Tiles 2» тегін бағдарламаларын жиі жүктеген.
Дереккөз: inform.kz