Adobe Systems компаниясының мамандары фотосуреттің Adobe Photoshop бағдарламасында өңделген-өңделмегенін анықтай алатын нейрожүйе жасап шығарды.
Енді "Бет пішін пластикасы" сынды автоматты құралдар өңдеген суреттердің бастапқы нұсқасын көруге болады. Нейрожүйенің дәлдігі 93,9% екен.
Дегенмен бұл бағдарлама сатылымға шықпайды, бірақ болашақта фотосуретке қатысты нейрожүйе механизмдеріне қолданылмақ.