ЖелідеASUS компаниясының Zenfone 5 жаңа смартфонының алғашқы суреттері пайда болды, деп хабарлады life.ru порталы. Порталдың хабарлауынша, жаңа смартфонның дизайны iPhone X дизайнына ұқсас және оның да жиектемесі болмайды. ASUS жаңа өнімінің техникалық сипаттамасының толық тізімі әлі жарияланған жоқ. Алайда, гаджет экранының пішіні18:9 болатыны анықталды. Сонымен қатар,akket сайтындаQualcomm процессоры және Zenfone 5 қолданушы интерфейсінің жаңа нұсқасы жайында айтылады, - делінген жарияланымда. Айта кетейік,Zenfone 5 ресми түрде MWC 2018 көрмесінде таныстырылады, ол Барселонада 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. Дереккөз:tengrinews.kz