ASUS шығарған iPhone X "егізінің" суреттері Желіде жарияланды

ASUS шығарған iPhone X "егізінің" суреттері Желіде жарияланды
Фото: twitter.com

Желіде ASUS компаниясының Zenfone 5 жаңа смартфонының алғашқы суреттері пайда болды, деп хабарлады life.ru порталы. 

Порталдың хабарлауынша, жаңа смартфонның дизайны iPhone X дизайнына ұқсас және оның да жиектемесі болмайды. 

"ASUS жаңа өнімінің техникалық сипаттамасының толық тізімі әлі жарияланған жоқ. Алайда, гаджет экранының пішіні 18:9 болатыны анықталды. Сонымен қатар, akket сайтында Qualcomm процессоры және Zenfone 5 қолданушы интерфейсінің жаңа нұсқасы жайында айтылады", - делінген жарияланымда. 

Айта кетейік, Zenfone 5 ресми түрде MWC 2018 көрмесінде таныстырылады, ол Барселонада 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік