- Негізгі бет
- Техно
- 80 тілде еркін...
80 тілде еркін әңгімелескіңіз келе ме?
80 тілде еркін әңгімелескіңіз келе ме? Әрине, осыншама тілді бір адамның меңгеруі мүмкін емес дүние. Енді, әрине, егер сіз данышпан болмасаңыз. Бірақ, қазіргі таңда 80 тілде еркін сөйлесу мүмкінді бар. Ол үшін сізге Трэвиспен достасу керек.
Travis — әңгімені сөйлесу үдерісі барысында 80 тілге аударуға қабілетті шағын құрылғы.
Жаһандану заманы жүріп жатса да, әлі күнге дейін технологиялар тілі, яғни, ағылшын тілін игермеген елдер саны көп-ақ. Оның үстіне қазіргі таңда ел аралап, әлем шарлау сәнге айналған. Демек, мұндай құрылғы керек-ақ.
Саяхатшыларға арналған сөздіктер мен арнайы смартфон қосымшалары қалаған нәрсеңізді сұрап білуге көмектескенімен, олар адамдармен толыққанды әңгіме-дүкен құруға мүмкіндік бермейді. Ал, саяхатшының ең үлкен арманы – әр ұлт өкілімен тілдесе отырып сол елдің мәдениетіне тереңдей түсі емес пе?!
Нағыз саяхатшының басты жолсерігі Travis микрофон және динамикпен жабдықталған. Құрылған 80-нен астам тіл біледі (тізімде қазақ тілі де бар), сондай-ақ, оның 20-сын ғаламторға қосылмай-ақ аудара береді. Бір қызығы, сіз құрылғыны қаншалықты жиі пайдалансаңыз, ол соншалықты дәл аударма жасауға дағдылана береді. Ол тіпті шулы ортада да еркін жұмыс істей береді. Қуат күші 12 сағатқа жетеді.
А. Оралқызы