- Негізгі бет
- Техно
- 5G адам денсаулығына...
5G адам денсаулығына қауіпті ме?
5G осы ғасырдың басты артықшылығына айналады. Дегенмен АҚШ-тағы Ақ үйге жақын орналасқан RT America телеарна желісі 5G-дің көзге көрінбейтін кемшілігі бар екенін анықтаған.
RT America телеарнасы "Адамзатқа жасалған қауіпті ғылыми тәжірибе" атты сюжетінде 5G-дің кемшілігі адам денсаулығына қауіп төндіретіні айтылған. Мамандар жаңа жүйе ми рагын, белсіздік, аутизм, жүрек ауруы мен Альцгеймерге шалдықтыруы мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда ғылыми дәлелденген жоқ.
Әзірге сарапшылардың пікірі қақ жарылды. Біреулері бұл мәліметтің шындыққа жанасатынын айтса, екіншілері бұл экономикалық соғыстың амалы болуы мүмкін екеніне сенімді.
5G жүйесі дами бастағалы оған қарсы шығушылар да артып келеді. Қазірдің өзінде 30 қаланы қамтыған бұл қызмет түрінің денсаулыққа зиян екен туралы бағдарламалардың саны жетіге жеткен. Алайда олардың ешқайсысының ғылыми дәлелі жоқ. Жүйеге қарсы шығушылар жаңа технология смартфонның жиілігін жоғарлату арқылы денсаулыққа қауіп төндіретінін алға тартады. Бірақ ғалымдар бұл пікірге қарама-қарсы сипаттама берді. Радиожиілік жоғары болған сайын оның адам терісіне әсері азаяды.
А. Рысдәулет