Әлемдегі ең үлкен процессор жасалды

Соңғы 60 жылда инженерлер микросызбаларды барынша кішкентай етіп жасауға ұмтылып келеді және бұл өз жемісін беріп келеді. Бірақ Cerebras Systems стартабы мұндай инженерлік идеяға мүлде кереғар. Олар қазіргі өлшем бойынша тым үлкен Cerebras Wafer Scale Engine процессорын жасап шықты. Оның көлемі – 8х8 дюйм (203х203 мм). Бұл қазіргі процессорлардан 50 есе үлкен. Нобайы iPad-қа келеді. 

Стартап негізін қалаған Эндрю Фельдманның айтуынша, жоба логикасы өте қарапайым. Өздігінен оқып-үйреніп, даму үшін жасанды интеллектінің бағдарламалық жасақтамасы үлкен ақпарат қорын қажет етеді. Сондықтан осы ақпараттың барлығын өңдеу үшін процессорлар барынша жылдам болуы тиіс.

Wafer Scale Engine жасаған чипте 1,2 миллион транзистор, 400 мың есептеу ядросы және 18 гигабайт кіріктірілген SRAM оператив жады бар. Салыстыру үшін: қолданушылардың дербес компьютерінің кристалында 2 миллиард транзистор, 4-12 ядро және оннан асатын кэш-жады бар. 

Бұл процессор жасанды интеллектіге арналған процесстермен жұмыс істеу үшін жасалған. Қазірдің өзінде Cerebras Systems клиенттеріне Cerebras WSE дайындап жатыр.