- Негізгі бет
- Техно
- 3D-принтер көмегімен алғашқы...
3D-принтер көмегімен алғашқы үйлер салынды
Мексиканың Табаско штатында кедей отбасылар үшін құрылыс істерін жүргізіп жатқан Icon стартапы, New Story және Echale коммерциялық емес ұйымдары 3D-принтер көмегімен болашақ ауылдың негізі болатын алғашқы екі үйді басып шығарды.
Үйлер Icon Vulcan II принтеріндегі арнайы бетон қоспасын пайдаланып салынды. Бұл принтер ауа райының өзгеруіне және ресурстардың шектеулі болуына байланысты құрылысы қиын жүретін ауылдық жерлерге арналған. Үйлер салуда ауданның жоғары сейсмикалық белсенділігі ескерілген.
Екі жатын бөлмесі, қонақүйі, ас үйі және моншасы бар стандартты үй 46,5 шаршы метр. Осындай көлемдегі үйді принтерге басып шығару үшін небәрі 24 сағат уақыт кеткен. Стартап ауылда осындай тағы 50 үй салуды жоспарлап отыр. Үйді басып шығару құны жария етілмеген.
Жаңа қоныс өмір сүру үшін барлық қажеттілікпен қамтылған. Жаңа қонысқа иелері 2020 жылдың басында көшеді.
3D басып шығару технологиясы үйлер мен басқа ғимараттарды салуда соңғы уақытта жиі қолданылып жатыр. Мәселен, 2018 жылдың соңында Шанхайдағы инновациялық парктердің бірінде 3D принтерінде басып шығарылған әлемдегі ең ұзын бетон көпір ашылды. Көпірдің ұзындығы - 14,1 метр, ені - 4 метр. Көпір – Хебей провинциясындағы 1,5 мың жылдық тарихы бар ескі көпірдің көшірмесі.
Т. Раушанұлы