Strategy Analytics зерттеу компаниясы смартфондар базарындағы 2018 жылдың алғашқы нарығындағы рейтингті жариялады. Зерттеулерге қарағанда осы уақытта ең көп сатылған смартфондар көш басын iPhone X иеленіп тұр. Кейінгі 3 орын да Apple смартфондарына тиісті. Strategy Analytics мәліметтеріне қарағанда 2018 жылдың бірінші жартысында бүкіл әлемге 16 миллион дана iPhone X таралған. Кейінгі 3 орынды iPhone 8 (12,5 миллион), iPhone 8 Plus (8,3 миллион) ва iPhone 7 (5,6 миллион) иеленген. Айта кету керек бұл жердегі статистика нарықтағы пайдаланушылардың смартфонды сатып алғандығы емес, смартфондардың дүкендер мен қоймаларға жеткізіліп беруі бойынша есептелген. Бесінші орынға Xiaomi Redmi 5A жайғасқан.