- Негізгі бет
- Техно
- 2018 жылдың ең...
2018 жылдың ең нашар смартфондары
Телефон сыншылары мен сарапшылар 2018 жылы жарық көрген смартфондардың арасындағы ең нашар телефондардың тізімін жариялады. Сыншылар рейтингке аккумулятор қуаттылығы нашар және ішкі жад көлемі аз смартфондарды кіргізген. Тізімге Samsung, LG сияқты беделді брендтер енген. Тізімнің алғашқы екі бағанына қытайлық компаниялардың өнімдері жайғасты.
Сонымен, биыл шыққан смартфондардың арасындағы ең нашары ол – Huawei Honor 9 Lite. Бұл құрылғының рейтингте көш бастауына ішкі жадтың небәрі 32 ГБ болуы, нашар батареямен жұмыс істеуі және тағы бірнеше факторлар әсер етті.
Ал екінші орынға тағы бір қытайлық компанияның өнімі жайғасты. Ол – Vivo V9. Сарапшылар зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша, бұл телефонның сапасы бағасына сай келмейді. Одан бөлек, бұлыңғыр камера, төмен сапамен жасалған пластик қаптама, microUSB-ге арналған ескі порт телефонның негізгі кемшіліктері деп танылды.
Үштікке әйгілі Samsung компаниясының Galaxy A8 смартфоны кірді. Жоғарыда айтылған кемшіліктер бұл смартфонда да қайталанды. Сонымен қатар, экран жарығының төмен болуы әйгілі брендтің абыройына нұқсан келтірді.
LG G7 ThinQ флагманы төртінші орынға жайғасты. Бұл смартфонның ішкі құрылымынан көптеген ақаулар байқалып, тұтынушылар тарапынан көптеген арыз түскен. Тіпті, телефон жарамсыз күйінде сатылған жағдайлар да орын алған.
Ең нашар телефондардың алдыңғы бестігін LG Q7+ қорытындылады. Смартфонның басты кемшілігі – негізгі камераның жарық аз түскен аумақта суретке сапасыз түсіруі.
А. Қажиев