The Next Web сайты әлеуметтік желілердің 2002 және 2018 жылдар аралығындағы танымалдылығын көрсететін анимациялық кесте жасап шықты.
Графиктен соңғы 17 жылдағы ғаламтордағы көшбасшылардың қалай ауысқанын, YouTube пен Facebook желілерінің алдыңғы қатарға қалай шыққанын көруге болады. Сондай-ақ тізімнен бұрын-соңды көп ел естімеген Friendster секілді желінің біраз жылдар көш бастап тұрғанын байқауға болады.
Бұған дейін дәл осы басылым соңғы 24 жылда ұялы телефондар өндірісінде компаниялардың жағдайы қалай өзгергені туралы анимациялық график жасаған болатын. Ұзақ жылдар бойы ұялы телефондарды сату саны жағынан Nokia компаниясы алда болған. Тек 2011 жылы көш басындағы орнын Samsung компаниясына берді. Ал қазіргі таңда өте танымал Apple компаниясы екінші сатыға тұрақтаған.
1993 жылдан 2017 жыл аралығындағы жасалған анимациялық графиктен көп қызықты ақпарат алуға болады.