16 жасында жылдам есептеу формуласын ойлап тапқан жас дарын, 72 өнертабыстың авторы, Қазақстанның 100 жаңа есімі тізіміне енген тұңғыш оқушы Тимур Рысбеков NASA ұйымдастырып отырған байқауға қатысу үшін Америкаға аттанады. Тимур Рысбеков 2017 жылы халықаралық байқауға қатысып, 77 химиялық реактивтерді анықтай алатын роботты жасап ұсынған еді. Сол кезде NASA сарапшылары баланың өнертабысына қатты қызуғышылық танытқан. Тіпті әріптестік байланыс орнатуға ұсыныс білдірген.Тимур 6 сынып оқып жүргенде-ақ физика, математика, информатика пәндерін жақсы білген. Соның арқасында түрлі роботтар жасаған. Қазіргі күнде Тимурдың 72 өнер табысы болып, оның 28-ін паттентеген. Байқауға қытысатын өнертабысы кеңістікте смартфон арқылы роботтарды басқаруға қатысты. Жас дарын осы жаңа технологиясымен атақты Америка ғарыш агенттігінің байқауына барып, бағын сынайды. Жас өнертапқыштың соңғы жұмысы қоршаған ортаны талдауға арналған робот екен. Бұл робот тұтастай бір метеорологиялық стансаның қызметін жасайды. Оның туындылары тек отандық ғалымдар ғана емес шетелдік сарапшылардың ерекше қызығушылығын тудырған. Тамыз айында біз командамызбен халықаралық платформаға шықтық. Әлемнің сарапшылары жобамызды жоғары бағалап, NASA ұйымдастыратын үлкен байқауға шақырту алдық. Оған әлемнің 30 елінен үздік өнертапқыштар келеді. Мен бұл байқауға көлемді мәліметтер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерекше бағдарламаны ұсынбақпын. Сонымен қатар оянуы мүмкін вулкандарды анықтай алатын құрылғыны апарамын, дейді өнертапқыш Тимур Рысбеков. Жас дарынды түрлі байқаулардан байқаған канадалық мамандар 2016 жылы Тимурды оқуға шақырады. Физика, математика және химия ғылымына бар зейні ауған Рыспеков сол елдегі тау кен өнеркәсібінде жұмыс жасап, тәжірибесін толықтырыпты. Дарынды жерлесіміз Канададағы ең үздік 25 жас математиктің қатарына ілікті.Тимур үлкен ақпарат орталығын ашуды армандайды. Оның бұл ойы жүзеге асады деп ойлаймын. Өйткені ол өте білімді және ақылды. Кез келген адаммен тіл табыса алады. Біздің мектепте робот техникалық үйірме бар. Бастауыш сыныптан бастап жоғарғы сыныптардың оқушылары Тимурға қарап еліктейді. Ол білгенін өзгелерге де үйретіп жүр, дейді Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің директоры Айсұлу Медетбекова. Тимурдың түрлі роботтарының ішіндегі тағы бір ерекшесі ақылды робот құрылғы күзет жүйесінің міндетін атқара алады. Онда орнатылған камераның мүмкіндігі жоғары. Дарын иесінің құлтеміріне тек отандық ғалымдар ғана емес, шетелдік сарапшылардың қызығушылығы жоғары. Баламның өзіне қызықты саланы тапқаны мен үшін үлкен бақыт. Өткен жылы оны Канадаға оқуға шақырды. Ол жақта бір жыл оқып, көптеген ұсыныстар мен шақыртулар алды. Алайда Тимур елге оралды. Балам туған елінің гүлденуіне үлес қосып, өзі секілді дарынды балаларға қолдау көрсеткісі келеді. Әрі заманауи инновацияларды біздің елдің атынан шығарғысы келеді деді Тимур Рысбековтың анасы Дана Рысбекова. Тимур Рысбековтің алғашқы өнертабысы қарапайып есептегіш калькулятор болған. Болашақта отандық өнім шығаратын компания құрып, әлемдік нарыққа Қазақстанның атын шығаруды армандаймын. Ал жалпы адамзат тарихында ғалым, өнертапқыш ретінде өз есімімді қалдырғым келеді. Елбасының тапсырмасымен қолға алынған Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасының екінші кезеңі жалғасын табуда. Ол тізімде әлі талай еліміздің мақтанышы болатын жастарымыздың болатыны сөзсіз, дейді Тимур.